Қызылордада құтқарушылар мектеп оқушысын аман алып қалды

3 Желтоқсан, 21:18 308

Қызылорда облысында ТЖМ құтқарушылары кішкентай баланы құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін 112 пультіне Қызылорда қаласы Арай шағын ауданындағы тұрғыны, баласының басы баспалдақтың темір қоршауында тұрып қалғаны туралы айтылды. 

Құтқарушылар оқиға орнына дереу барып, гидравликалық құралмен темірді кесіп, баланың басын темірден шығарып берді, - деп жазылған ТЖМ ақпаратында.

Кейін аман қалған баланың ата-анасы құтқарушыларға алғыс білдірген. 

Перизат Саденова
Бөлісу: