Қызылордада «Қорқыт Ата» әуежайы терминалының құрылысы аяқталып жатыр

4 Желтоқсан 2023, 23:34 740

Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында көлік министрі Марат Қарабаев өңір әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге облыс орталығында шоғырланған көлік инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Марат Қарабаев «Салтанат» автовокзалының жұмысымен танысып, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы пайдалануға беруге дайындалып жатқан автовокзалға барды. Нысанның құрылысы осы жылдың шілде айында басталып, бүгінгі таңда жұмыстар 85% - ға аяқталған. Жаңа нысанды ағымдағы жылдың желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр.

Әрі қарай «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері министр мен облыс әкіміне теміржол вокзалы ғимаратындағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының нәтижелері туралы айтып берді.

Қалпына келтіру жұмыстары аясында қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізілген. Вокзал әкімшілігімен тексеру жабдықтарының 3 жиынтығы орнатылып, сондай-ақ кешенді қауіпсіздік жүйесімен жарақтандырылған.

Қызылорда қаласының әуе айлағындағы жұмысбарысы туралы баяндамамен «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ басшылығы есеп берді. Айлақ объектісінде өткізу қабілетін сағатына 250 жолаушыға дейін арттыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жұмысты келесі жылдың мамырына дейін аяқтау жоспарлануда. Жаңа терминалдың құрылысы жеке қазақстандық инвестордың қаражаты есебінен жүргізілуде.

Қызылорда өңірінің инфрақұрылымдық нысандарын аралағаннан кейін көлік министрі автокөлікпен Түркістан облысына барып, «Самара-Шымкент» автожолының «Қызылорда-Түркістан» ақылы учаскесін қарап шығады.

Берік Арманов
Бөлісу: