Қызылордада қарт ана 2,5 ай бұрын жоғалған ұлын тапты

Кеше, 20:03 186

Қызылордада зейнет жасындағы ана 2,5 айы бойы шарқ ұрып іздеген ұлымен қауышты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ІІМ мәліметінше, облыс полицейлері қала орталығында ер адамды тоқтатқан. Тексеру кезінде оның жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ екені анықталған. Ер кісі тұрақты мекенжайы мен құжаттары жоқ адамдарды қабылдау-тарату орнына орналастырылды. Мұнан соң тәртіп сақшылары оның жақын туыстарын дереу іздеуге кіріседі. Іздестіру нәтижесінде құжатсыз жүрген тұрғынның Жамбыл облысының Қордай ауданында қарт ата-аналары іздеп жатқандығы белгілі болды.

Ер адамның қарт анасы отбасын біріктірген полицейлерге алғыс айтты.

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: