Қызылордада қан орталығы жаңа ғимаратқа көшті

26 Шілде, 05:24 466

Қызылордада қан орталығындағылар жаңа ғимаратқа көшті. Медицина ғимаратының ашылу салтанатына Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін медицина ұйымындағылар өндірістік алаңдардың тапшылығы сезілген облыстық көпбейінді медициналық орталықта отырған болатын.  

Үкімет басшысының орынбасары өз сөзінде мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту саласындағы шараларды атап өтті. Тамара Дүйсенова қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасы бойынша "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру жалғасып жатқанын еске салды. Оның шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарын салу және аудандық орталық ауруханаларды жаңарту көзделген.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дәл осы күні өңірдің медицина автопаркі де жаңа көліктермен толықтырылды. Медициналық мекемелердің басшыларына салтанатты жағдайда 70 санитариялық автокөліктің кілттері табысталды. Жаңа машиналар облыс халқының қажеттіліктері үшін 11 медициналық ұйымда қызмет ететін болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: