Қызылордада пәтер тонаушы ұсталды: 25 пәтер ұрлығы тіркелді

17 Қаңтар, 01:16 866

Қызылорда облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні кезекті пәтер ұрлығын жасау кезінде ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, үй иелерінің жоқтығын пайдаланған ер адам терезелерді күштеп ашу арқылы жеке үйлерге заңсыз кіріп, әшекей бұйымдарын алып кеткен. Ұсталған 26 жастағы Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Айғақты зат ретінде жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен басқа да заттай айғақтар алынды.

Тергеу барысында күдіктінің облыс аумағында 25 пәтер ұрлығын жасап, сол арқылы жәбірленушілерге жалпы сомасы 19 миллион теңге материалдық шығын келтіргені анықталды, - делінген мәліметте.

Полицейлер ұрының осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде. Тергеу жалғасып жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: