Қызылордада грек-рим күресінен халықаралық турнир мәресіне жетті

Кеше, 23:10 333

Қызылордада грек-рим күресінен Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Спорттық дода екі күнге созылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Боз кілемде белдескен балуандар бүгін 5 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Олардың ішінде мақтанышымыз Айдос Сұлтанғали да бар. 

Екінші жарыс күні бойынша жарыс қорытындысы төмендегідей:

60 кг салмақта:
І орын - Айдос Сұлтанғали (Қызылорда облысы);
ІІ орын - Ғалым Қабдунасаров (Жетісу облысы);
ІІІ орын - Асламджон Әзизов (Тәжікстан мемлекеті);
ІІІ орын - Айбек Сабырбеков (ШҚО).

67 кг салмақта:
І орын - Ержет Жарылқасын (Жамбыл облысы);
ІІ орын - Төлеген Әмірханов (Жетісу облысы);
ІІІ орын - Yildirim Mustafasafa (Түркия мемлекеті);
ІІІ орын - Диас Әскербай (ШҚО).

77 кг салмақта:
І орын - Emrebasar Yunus (Түркия мемлекеті);
ІІ орын - Жамол Жумабоев (Өзбекстан мемлекеті);
ІІІ орын - Эрлан Марсуулу (Қырғызстан);
ІІІ орын - Әбдиазим Карабаев (Шымкент қаласы).

87 кг салмақта:
І орын - Радик Кулиев (Беларусь);
ІІ орын - Тимур Оспанов (Қостанай облысы);
ІІІ орын - Артыкбек Алымбекуулу (Қырғызстан);
ІІІ орын - Айдын Әбілда (Ақтөбе облысы).

130 кг салмақта:
І орын - Bozkurt Fatih (Түркия мемлекеті);
ІІ орын - Самаган Орманов (Қырғызстан);
ІІІ орын - Әлімхан Сыздықов (Шымкент қаласы);
ІІІ орын - Олжас Сырлыбай (Қызылорда облысы).

Асқар Таудай
Бөлісу: