Қызылордада газ баллоны жарылып, жеке тұрғын үй қирады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төрт жасөспірім жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 28 шілдеде сағат 19-дан 56 минут өткенде Қызылорда қаласының Әл-Фараби шағын ауданында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылған.
4 жасөспірім зардап шекті. Қазіргі таңда олар балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, - делінген хабарламада.
ТЖД ата-аналарға балалар мен жасөспірімдерді ересектердің бақылауынсыз қалдырмауды ескертті.