Қызылордада ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Кеше, 20:12 180

Қызылордада патрульдік полиция қызметкерлері ер адамды суицидтен құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, 102 кезекші пультіне Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ деген шақырту түсті.

Патрульдік полиция қызметкерлері Айдархан Кенжебекұлы және Шыңғыс Жалғасбай үй ауласында ер адамның ағаш баспалдаққа асылып жатқандығын көреді. Полицейлер ер адамды құтқаруға үйлесімді әрекет жасап, оның өмірің өлімнен арашалады, - делінген мәліметте.

Ер азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылып, полицейлердің еріп отыруымен ауруханаға жеткізілді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: