Қызылордада егіз сәбиін сатты деген күдікті әйел анықталды

19 Маусым 2023, 21:24 1257

Қазіргі кезде күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қызылорда облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2023 ж.т. сәбилерін сатқан 44 жастағы облыс тұрғынын анықтады. 

ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен  сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, - делінген полицияның хабарламасында.

Перизат Саденова
Бөлісу: