Қызылордада балаларға нұсқаулықсыз инсулин препараттары тағайындалған

11 Қыркүйек, 03:41 407

Қызылорда облысының прокуратура органдары дәрілік заттар айналымы саласындағы заңнаманың сақталуына тексеріс жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тексеріс нәтижесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде облыстың 7 мыңнан астам тұрғынының дәрілік заттармен қамтамасыз етілмегені анықталды.

Қызылорда қаласының емханаларында балалардың жас шамасы ескерілмей, 1 мыңнан астам кәмелетке толмағанға негізсіздәрі-дәрмек тағайындалған.

Медициналық нұсқаулықсыз 170 науқасинсулин препараттарымен қамтамасыз етілген.

Одан бөлек, 68 дана медициналық препараттың сақтау талаптары бұзылып, 2 науқасқа жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар тағайындалған.

Сонымен қатар өңірдің 14 медицина ұйымында заңсыз фармацевтикалық қызметпен 19 жұмыскер айналысқан.

Анықталған заңдылықты бұзулар бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, қарау нәтижесімен 93 тұлға жауаптылыққа тартылған.  

Зарина Арман
Бөлісу: