Қызылордада ауруханада балконнан құлаған әйел қайтыс болды

7 Тамыз 2023, 15:30 1026

Қызылорда қаласында ауруханада балконнан құлаған әйел кісі қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол жайында әлеуметтік желі беттерінде жарияланды. Онда емдеу орындарының бірінде балконнан құлаған әйелдің қайтыс болғаны айтылған.

Бұл мәліметті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

6 тамызда болған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде.

Онда өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу дерегі бойынша жағдайы көрсетілген. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді», - деп мәлім етті департаменттен.

Бұған байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді.

Равиль Ашығали
Бөлісу: