Қызылордада Антикордың жалған қызметкері ұсталды

15 Желтоқсан 2022, 17:37 1141

Қызылордада Антикордың жалған қызметкері ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп 1988 жылы туған өзін «Антикордың Қызылорда облысы бойынша Өзіндік қауіпсіздік қызметкері» ретінде көрсете отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа орналастыру сылтауымен қала тұрғынын алдау және оның сенімін теріс пайдалану арқылы 500 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген «Ж» азаматын әшкереледі.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтар өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде көрсете отырып, қылмыстық-жазаланатын іс-әрекеттер жасайтын жалғасып жатқан жағдайларға назар аударады.

Осыған ұқсас фактілер бойынша ақпарат болған жағдайда Антикоррупция қызметіне 1424 телефоны арқылы хабарласуды сұраймыз.

EL.KZ
Бөлісу: