Қызылордада 9-сынып оқушы 6 жасар қызды зорлаған

15 Ақпан, 12:38 3740

Қызылордада оқушы алты жасар баланы зорлады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде жасөспірім 6 жасар баланы зорлады деген ақпарат тараған. Күдікті 9-сыныпта оқитыны белгілі болды. Бейресми ақпарат көздерінің дерегінше жәбірленуші бала қазір ауруханада жатыр. Ал 16 жасар күдікті қамауға алынған.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Өзгеде ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: