Қызылордада 24 жасар қызға әпкесі донор болды

11 Маусым, 08:45 454
 
Қызылордадағы көпбейінді облыстық ауруханада күрделі екі ота жасалды. 24 жасар азаматшаға 45 жастағы әпкесі донор болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Медицина мекемесінің мәліметінше, реципиенттің диагнозы - терминалды бүйрек жетіспеушілігі. Ол ең алғаш 2018 жылы трансплантация жастқан. Ол кезде ағасы донор болған. Алайда науқас пандемия кезінде COVID-19 дертіне шалдығып, бүйрек ауруын асқындырып алып, бүгін екінші мәрте жасатты.
Отаны көпбейінді облыстық аурухананың директоры, PhD доктор, трансплатолог Жасұлан Баймаханов, директордың хирургия жөніндегі орынбасары Ербол Серікұлы және А.Н.Сызғанова атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының Бүйрек трансплантациясы, урология және нефрология бөлімшесінің білікті мамандары жасады. Білікті мамандар өз тәжірибесімен еліміздің барлық дәрігерлеріне онлайн шеберлік сағаты арқылы бөлісті.
Операция сәтті өтті.
Зарина Арман
Бөлісу: