Қызылордада 17 жастағы жүргізушінің кесірінен бір адам көз жұмды

5 Мамыр 2023, 02:12 701

Жас жігіт көлікті басқара алмай қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

4 мамыр Шиелі кентінде 17 жасар тұрғын Toyota автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай, жол-көлік оқиғасын жасаған. Жол апаты салдарынан 1 жолаушы көз жұмып, жүргізушімен қоса қалған үшеуі жарақат алды.

Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды, - делінген хабарламада.

Берік Арманов
Бөлісу: