Қызылорда тұрғыны үйінде қарасора өсірген

29 Наурыз 2023, 22:00 664

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және ҚР Ұлттық ұланның “Бүркіт” АЖ қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 27 наурыз күні тұрғылықты мекен-жайында аса ірі көлемде есірткі затын сақтауға және өсіруге күдіктелген 54 жастағы қала тұрғыны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үй иесінің ауласын тінту кезінде қарасора бұталары арнайы өсірілген жылыжай табылды.

Арнайы ыдыстарда өсірілген 37 түп сора өсімдігі және 1,5 келіден аса кептірілген марихуана тәркіленді.

Аталған дерек екі бап бойынша: ҚР ҚК 296 - бабының 4 - бөлігі және 300 - бабының 2 - бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Күдікті УҰИ-на қамалды.

EL.KZ
Бөлісу: