Қызылорда қаласының әкімі ауысты

1 Тамыз, 22:25 1394

Президенті Әкімшілігі және Қызылорда қалалық мәслихатының келісімдері негізінде облыс әкімінің өкімімен Қызылорда қаласының әкімі болып Нұржан Ахатов тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нұржан Ахатов 1978 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит», Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы облыстық статистика жөніндегі есептеу орталығының жабдықтаушы маманы болып бастаған. Еңбек жолында түрлі лауазымдарды атқарған ол 2022 жылдың шілде айынан жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Шиелі ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда қаласының әкімі қызметін атқарған Серік Қожаниязов "ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының тәуелсіз директоры болып тағайындалды.

 


 


 

Перизат Саденова
Бөлісу: