Қызылорда облысының тұрғындары Каспийге тікелей жол салу бойынша өз ұсыныстарын білдірді

5 Желтоқсан 2023, 04:33 836

А.Тоқмағанбетов атындағы Қызылорда Мәдениет үйінде көлік министрімен кездесуге келген халықтың қарасы қалың болды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Азаматтардың көлік ведомствосының басшысына жолдаған өтініштерінің басым бөлігіҚызылорда қаласын Маңғыстау және Атырау облыстарымен тікелей байланыстыратын жол салу қажеттілігіне қатысты болды. Аймақ жұртшылығы жергілікті тұрғындардың ескертулері мен тілектерін ескере отырып, көлік министрлігінің жаңа жолға қатысты жоспарларын қайта қарауды талап етті.

Марат Қарабаев кездесуде министрлік елдің көлік әлеуетін дамыту жөніндегі міндет шеңберінде Қазақстанның батысын елдің орталығымен, сол жерден солтүстік, шығыс және оңтүстік өңірлермен байланыстыратын үлкен жоба тұжырымдамасын қарастырып жатқанын хабарлады.

«Бейнеу-Шалқар» жолын салу және одан Ырғыз және Амангелді ауылдары арқылы Арқалық қаласына шығу жоспары бар. Қазір «Қостанай – Денисовка» республикалық автожолын қайта жаңарту жұмыстарыаяқталуда. Осылайша, жаңа жоба республиканың Қостанай және Маңғыстау облыстарын байланыстыратын боладыНегізгі көздеген мақсатымыз да осы болатын. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі 2024 жылы дайындалады, ал 2025 жылы жобалау-сметалық құжаттама жасалыпқұрылыс жұмыстары 2026 жылға жоспарланып отыр. Жобаны уақтылы іске асыруға Бейнеу ауылы мен Шалқар қаласы арасындағы темір жол ықпал етеді»– деді ҚР Көлік министрлігінің басшысы.

Алайда, жергілікті халықтың аталған жобаны дамыту бойынша өз көзқарасы бар екен. Өңірлер арасындағы көлік байланысына деген бастаманы қолдай отырып, облыс тұрғындары болашақта пайдалануға берілетін жолды басқа бағыт бойынша, яғни Сексеуіл және Бозой ауылдарыарқылы салу туралы өз ұсыныстарын ортаға салды. Қызылордалықтар бұл бағытты неғұрлым ұтымдыжәне перспективалы деп санайды. Өйткені ол жолдың нығаюы мен дамуына мүмкіндік беретін бірнеше елді мекенді қамтитын болады. Сонымен қатар бұл жол бойында жолаушыларға арналған сервис құру мәселелерін оңтайлы шешпек.

Арал және Шалқар қалалары арасындағы ұзақ айналма жолды болдырмау есебінен қызылордалықтар үшін баламалы бағыт кемінде 350 шақырымға жақынырақ болатыны да маңызды.

Аталған өзекті мәселені талқылау азаматтарды жеке қабылдау шеңберінде де жалғасты. Қызу әңгіме барысында тараптар келесі жылы қоғамдық тыңдаулар өткізу бойынша уағдаластыққа келді. Онда өңір тұрғындарына Каспий теңізіне тікелей шығатын жаңа трасса салудың екі нұсқасы қарауға ұсынылмақ.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Қазақстанның оңтүстігінен батысына «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің учаскелері бойынша Қызылорда, Арал, Ырғыз, Шалқар, Қандыағаш, Доссор және Бейнеу арқылы жетуге болады. Қызылордан Ақтауға дейінгі автожол бойынша жалпы арақашықтық 2,2 мың км құрайды, ал түзу сызықпен екі қала мың км-ден сәл асады.

Сондай-ақ халықпен кездесуде жолаушыларды автомобильмен тасымалдау, теміржолшылардың кәсіби мерекесін атап өту және пойыз жүргізушілері үшін зейнеткерлікке шығу жасын азайтудың өзекті мәселелері көтерілді. Министрмен кездесуге жалпы саны 300-ге жуық облыс тұрғыны жиналған.

Берік Арманов
Бөлісу: