Қызылорда облысындағы өрт: полиция тергеу жүргізіп жатыр

21 Тамыз 2023, 17:29 959

Қызылорда облысында «Ақшабұлақ» кен орнындағы өртке байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр,

Айта кетейік, 19 тамыз түнгі сағат 02:20 шамасында «Ақшабұлақ» кен орнында цистерна жарылып, өрт болды. Салдарынан бір адам оқиға орнында қайтыс болып, үш адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

ҚР ІІМ мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: