Қызылорда облысының Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолында жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
11 маусым Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылының тұсында екi жеңіл автокөлік соқтығысты.
ҚР ІІМ мәліметінше, салдарынан үш адам көз жұмып, екі адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.
ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - делінген мәліметте.