Қызылорда облысында заңсыз балық аулағандар ұсталды

11 Қараша 2022, 00:30 1793

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде

Қызылорда облысында заңсыз балық аулаған үшеу ұсталды,  деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 
Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
8 қараша күні сағат 18:00 шамасында Қызылорда облысы ПД табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторлары және Арал – Сырдария балық шаруашылық инспекциясы «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірлесіп Қараөзекте Уаз автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында  автокөліктен қапшыққа салынған 254 келі балық алынды. Үш азамат заңсыз балық аулап, сату мақсатында Қызылорда қаласына жеткізбекші болған.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 335-бабының 1-бөлігімен (Заңсыз балық аулау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді және олардан ІІО-ға келу туралы міндеттемелер алынды.

EL.KZ
Бөлісу: