Қызылорда облысында ішінде 4 мың бөдене болған құс фабрикасы өртенді

28 Ақпан, 09:13 833

Қызылорда облысының Бесарық ауылында құс фабрикасы өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, оқиға 28 ақпан сағат 04:37-де Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылында болған.

Ауылдағы құс фабрикасының жеке бір қабатты ғимаратының төбе жабыны өртке оранды, аумағы - 288 шаршы метр, - делінген мәліметте.

Құс фабрикасында 4 мың бөдене болған. Облыстық ТЖД қызыл жалын сағат 05:41-де оқшауланып, сағат 06:12-де жойылғанын мәлімдеді.

Өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам жəне 2 техника жұмылдырылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: