Қызылорда облысында 53 бас киікті атып алған 3 адам қолға түсті

20 Қазан 2022, 00:19 1058

Киіктің мүйізі мен етін тасымалдап, сақтап, өткізген 3 тұрғын ұсталды

Қызылорда облысында 53 киікті атып алған браконьерлер қолға түсті, деп хабарлайды El.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Оның барысында жойылып кету қаупі төніп тұрған киік жануарын заңсыз атып, оның мүйізі мен етін тасымалдап, сақтап, өткізген 3 тұрғын ұсталды.

«Олардың тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында жол талғамайтын екі автокөлік, 53 киік аңының тушасы, 12 мүйіз, 12 калибрлі тіркелмеген аңшы мылтығы мен пышақтар айғақзат ретінде тәркіленді», - деді Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу: