Аталған дерек бойынша 001 (табылған мәйіт) санатымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылорда қаласы Белкөл кентіне қарасты далалық жерге жүргізілген тексеру барысында адам сүйектеріне ұқсайтын бөліктер табылып, айғақты зат ретінде алынған.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Болжам бойынша, оқиға орнына жақын жерлерде мазарлар тұрғызылуына орай, адам сүйегіне ұқсайтын заттар табылған орын ескі қорым болуы мүмкін, - делінген мәліметте.
Әрі қарай сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол берілмейді.