Қызылорда әкімі жыныстық құлдықта болған оқушының отбасы туралы айтты

Бүгiн, 14:47 162

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сексуалдық құлдықта болған 16 жастағы оқушының ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Аймақ басшысы отбасының бақылауда екенін айтып, басқа пәтерге көшуді ұсынғанын атап өтті.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Ол отбасы біздің де, құқық қорғау органдарының да бақылауында. Біз оларға баспана ұсынған болатынбыз. Ол кісінің де  ұсыныстарын тыңдадық. Сол кезде басқа баспанаға көшуді ұсындық. Бірақ кейін қыздың анасы өз пәтерінде қалу туралы шешім қабылдады. Біз оны үнемі қолдаймыз, - дейді Нұрлыбек Нәлібаев.

Айта кетейік, тамыз айында Қызылордада 16 жастағы қызды 1000 еркек зорлаған деген ақпарат тараған еді. Осы оқиғаға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған болатын.

Сыныптастары сексуалдық құлдықта ұстаған Қызылорда облысындағы 16 жастағы қыздың ісі бойынша ер адам 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ер адам өзін Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерімін деп таныстырып, қыздан 700 мың теңге бопсалаған. Прокурор оған 7 жыл сұрағанымен, ақыры сот 4,5 жыл берді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: