Қызы үйінділер астында қалған: Талдықорғанда әскери қызметкердің көлігі жарылды

Бүгiн, 15:06 556

Талдықорғанда әскери қызметкердің көлігі жарылып, астында қызы қалып қойған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Орда» қайғылы оқиға Еркін шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінің ауласында болғанын жазған.

Басылым дерегінше, 40 жастағы Павел Гунькин – әскери қызметкер. Таңертең ол қызын мектепке апару үшін гараждағы көлігін оталдырған. Сол сәтте көлік жарылып, гараж опырылып қалған. Үйдің бір бөлігі де құлаған.

Көлікті оталдырған бойда жарылыс болды. Күйеуім бірнеше метр жерге ұшып кетті. Қазір ол ауруханада жатыр. Ал 12 жасар қызымызды үйінділер астынан тауып алдық, - деді әскери қызметкердің әйелі Марина Гунькина.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: