Қызметтік тұрғын үйді жалдау қызметі цифрлық форматқа ауысты

8 Ақпан, 05:41 706

Egov-та "ҚР Қарулы күштерінің қызметтік тұрғын үйін жалдау шартын жасасу және ұзарту" қызметі іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Енді әскери қызметшілерге құжаттарды тапсыру және тұрғын үй жалдау шартына қол қою үшін аудандық пайдалану бөліміне барудың қажеті жоқ. Мұны қашықтан жасауға болады.

Қазіргі уақытта Egov порталында тұрғын үйге кезекке қоюға және жалдау шартын жасасуға қатысты үш мемлекеттік қызмет қолжетімді.

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев атап өткендей, бұл Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және Цифрлық үкіметті қолдау орталығымен тығыз ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды.

Жыл соңына дейін тұрғын үй мәселесіне қатысты барлық рәсімдерді композиттік және белсенді форматқа ауыстыру жоспарланып отыр. Яғни, әр процесс үшін әртүрлі өтінімдер берудің қажеті жоқ. Бұл ретте олардың барлығы әскери қызметшілердің қатысуынсыз жүзеге асырылатын болады.

Жүйенің өзі өтініш берушіге кезекке тұру мүмкіндігі туралы хабарлама жібереді. Автоматты түрде есепке алынғаннан кейін уақыт өте келе әскери қызметшінің отбасы құрамына сәйкес тұрғын үй қорынан пәтер бөлініп, қол қоюға жалдау шарты жіберіледі. Қызметтік тұрғын үй иесіне тек қоныстану үшін пәтер кілтін алу ғана қалады.

Қызметті цифрландыру тұрғын үйге кезекке қою рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, пәтер бөлуде адам факторын болдырмайды. Бұл қорғаныс ведомствосының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты аясында өте өзекті.

Перизат Саденова
Бөлісу: