«Қызғанған». Астаналық әйел екі бойжеткенді соққыға жықты

30 Тамыз 2023, 05:01 871

Астанада әйелдер арасында қызғаныштан төбелес шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

27 тамызда Бейбітшілік көшесі, 26 үйде әйел адам екі бойжеткенге шабуыл жасаған: бірінің бетінен таспен ұрған және ол есін жоғалтқан.

Белгілі болғандай, екі жас қыз үйдің кіреберісінде көршісін (ер адам) кездестіріп қалған. Ол қыздардан досына хабарласып, шақырып беруін өтінген. Ер адамның досы келген кезде онымен бірге тұратын әйел төбелес шығарған.
Зардап шегушілердің айтуынша, әйел тыйым салынған зат (есірткі) пайдаланған. Шабуылдаушы әйел екі қызды полицияға хабарласса, оларға есірткі салып, ұстатып жіберетінін айтып, қорқытқан.

Елордалық полиция департаментінде «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Перизат Саденова
Бөлісу: