Астанада лифт ішінде бес жастағы балаға шабуыл жасаған оқиғадан кейін шизофрениямен ауыратын жасөспірімнің қатысуымен тағы бір видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бейнебақылау камераларындағы жазбада жасөспірім қыз баласына тиіспек болғанын байқауға болады. Оқиға бірінші қабатта орын алған: қыз бала лифт ішінде болған, ал жасөспірім есіктің жабылуына кедергі келтіріп, оны қорқытқан. Қыз бала батырманы басып, кетуге тырысқанымен, жасөспірім оған мүмкіндік бермеген. Бір сәтте шабуылдаушы пышақ шығарған.
Абырой болғанда, жасөспірім кенеттен назарын басқа нәрсеге аударып, оқиға орнынан кетіп қалған. Қыз бала физикалық жарақат алмағанымен, қатты күйзеліс жағдайында қалған.
Құқық қорғау органдары оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Қажетті тергеу амалдары аяқталғаннан кейін жасөспірім белгіленген тәртіп бойынша оқшауланатын болады.
Сонымен қатар, беті жараланған бес жастағы баланың ауыр жағдайда жатқаны белгілі. Дәрігерлер оның өміріне тікелей қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.