Қызды аяқ киімнің бауымен қылқындырып өлтірген ер адам сотталды

28 Ақпан, 13:26 974

Шымкентте 28 жастағы қызды өлтірген адамға сот үкім шығарды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстан азаматының жансыз денесі жалдамалы пәтерлердің бірінен табылған болатын. Қылмысты 29 жастағы ер адам жасаған. Екеуінің арасында ұялы телефон үшін жанжал туындаған. Күдікті қыз оны ұрлады деп жала жапқан. Төбелес орын алып, ер адам аяқ киімнің бауымен қызды тұншықтырып өлтірген.

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, қылмысты қалай жасағанын егжей-тегжейлі айтып берді.

Айта кетейік, оқиға былтыр шілдеде болды. Марқұм қыз Өзбекстаннан Шымкентке ақша табуға келгені анықталды. Сот процестері кезінде қайтыс болған адамның туыстары болған жоқ, оларды табу мүмкін болмаған.

Кісі өлтірген ер адам он жылға сотталды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: