«QYZ JIBEK» by Muqagali атты музыкалық кино-новелланың көрсетілімі өтті

3 Қараша 2023, 12:34 921

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры сахнасында «Qazcontent» мемлекеттік акционерлік қоғамы мен Музыкалық жас көрермен театры актерларымен бірлесе түсірілген «QYZ JIBEK» by Muqagali атты музыкалық кино-новелланың көрсетілімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл – «Qazcontent» мемлекеттік акционерлік қоғамы мен біздің Музыкалық жас көрермен театрының біріккен жобасы. Осы кино-новеллада басты рөлдерді сомдаған Алмаз Абденов пен Аяжан Бағдаттың экрандағы махаббаты шынайы ғашықтыққа ұласып, екі жас отбасын құрды, - деп атап өтті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Асхат Максимұлы.

«Qazcontent» мемлекеттік акционерлік қоғамының шығармашылық тобының жетекшісі Нұртай Башенов фильмге қатысқандарға алғысын білдіріп, «QYZ JIBEK» by Muqagali атты музыкалық кино-новелланың суреті, тизері бейнеленген картинаны қос ғашық Алмаз Абденов пен Аяжан Бағдатқа сыйға тартты.

Кино-новеллада «Есіңе мені алғайсың», «Ұнатамын мен сені» және тағы басқа қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтің шығармалары орындалады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: