Қытаймен шекарада электронды кезек жүйесі іске қосылады

16 Қараша 2022, 19:24 1329

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті

23 қарашадан бастап Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Достық» өткізу пунктінде («Алашанькоу» шектес өткізу пункті) электронды кезектің автоматтандырылған жүйесі пилотты жоба ретінде іске қосылады, деп хабарлайды El.kz 

Электронды кезек жүйесін іске қосу мақсатында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР ҰҚК Шекара қызметі бірлесіп, Қазақстаннан «Достық» пункті арқылы шығатын көлік құралдарын өткізуді ұйымдастырудың уақытша схемасын бекітті.

23 қарашадан бастап Qoldau.kz немесе «CargoRuqsat» мобильді қосымшасы (IOS немесе Android) платформасының автоматтандырылған электронды кезек жүйесі қолданылады.

Қолданыстағы журналға тіркеу және «Достық» өткізу пунктінде қағаз рұқсаттамаларды беру 22 қарашадан бастап тоқтатылады. Қағаз тасығыштағы кезектің қолданыстағы тізімі цифрландырылып, ақпараттық жүйеге енгізіледі.

Электронды кезек жүйесін құрудың мақсаты – көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың өткізу пунктіне кіру кезектілігін қалыптастыру процесінің ашықтығы мен цифрландырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ елдің транзиттік-көліктік және экспорттық әлеуетін арттыру.

Жүйені ҚР ҚМ «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ мамандары әзірледі. Бұл жүйе барынша ыңғайлы және ашық болып табылады, жүргізуші көрсетілген порталда тіркелгеннен кейін немесе мобильді қосымша арқылы жол жүру үшін бос күн мен уақытты таңдайды. Бұл ретте жүргізуші өз кезегі туралы СМС-хабарлама алады.

EL.KZ
Бөлісу: