Қытайлар өздерінде шығатын қай көлік түрлеріне басымдық береді

1 Тамыз, 17:08 1532

Қазақстанға Қытайдан келетін көліктер саны артқаны рас. Бұл көліктерге қатысты тұтынушылар пікірі әртүрлі. Бірақ аспанасты елінен темір тұлпар алуға күмәнмен қарайтындар әліде көп, негізінен сапасына қатысты күдік бары байқалады. Осы орайда kolesa.kz Қытайда жаңа машина сапасын Chinese Automobile Quality Network деп аталатын мемлекеттік мекеме бақылайтынын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қытай рейтингі жаңа гибрид, электромобиль және дәстүрлі мотормен жүретін машиналардың барлық категориясын қамтиды, тізім апта сайын жаңарады. Бағалау әдісі шетелдегімен ұқсас, мамандар көлік иелерінің шағымын есепке алады, әр шағым айып ұпайына айналады. Ұпай саны қанша көп болса, машина сапасы сонша төмен деген сөз.

«Китайские автомобили» порталы Қытайда шыққан электрлі және гибрид SUV-лердің ең жаңа рейтингін жариялады. Рейтингте GAC ES9 (148 айып балы), Dongfeng M-Hero (151 балл) және BYD YangWang U8 (155 балл) көш бастап тұр. Яғни бұл модельдер Қытайда сенімді машина саналады.

BYD Denza N8 бен Voyah Free — 157 балл, Tank 400 Hi4-T — 160 балл, Polestones 01 — 167 балл, ал Tank 500 Hi4-T 174 балл жинады. Тұтынушылар бұл көліктердің экран жұмысына, электроникасына және салондағы шуға шағымданады.

GWM Wey Lanshan (188 балл) мен Geely Lynk & Co 09 EM-P (196 балл) орташа мәннен төмен нәтиже көрсетті. Тұрғындар олардың күштік құрылымынан ақау тапқан.

Басылым Li Auto (Lixiang) модельдеріне ең көп шағым түскенін жазды. Гибрид L9 211 балл жинап, 2024 жылдың бірінші жартысындағы ең сапасыз SUV атанды. Соңынан санағанда екінші және үшінші орынға Li L8 (199 балл) мен Li Auto L7 (196 балл) жайғасты. «Лисянның» электр жетегі мен батареясында проблема көп сияқты.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: