Қытайдың төрт азаматы Алматыда әуе рейсінен түсірілді

28 Сәуір 2023, 19:17 1566

Олар өздерін дөрекі ұстаған, балағат сөздер айтып, ортақ пайдаланылатын орынды ластаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне Air Astana әуекомпаниясының өкілінен Алматы – Атырау рейсімен ұшпақшы болған жолаушылар туралы хабарлама келіп түсті.

Тексеру барысында 28, 32, 38 және 42 жастағы Қытай азаматтары анықталды. Арызданушының айтуынша, рейске тіркелу кезінде олар өздерін дөрекі ұстаған, масаң күйінде болған, балағат сөздер айтып, ортақ пайдаланылатын орынды ластаған.

Медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша құқық бұзушыларда алкогольдік масаңдықтың «орташа» дәрежесі анықталды.

Шетел азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып әрқайсысыны 5 айлық есептік көрсеткіш (17 250 тг) мөлшерінде айыппұл салынды, - делінген ҚР ІІМ таратқан мәліметте.

Іс шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

EL.KZ
Бөлісу: