Қытайдан велосипедпен шыққан қос қандас Астанаға аман жетті

18 Маусым 2023, 18:14 835
Қытайдан велосипедпен шыққан этникалық қазақтар Астанаға аман жетті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі  Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
 
Думан Мәдетханұлы мен Оразай Алтынбекұлы аталған саяхатқа екі ай бұрын шыққан. Қос қандас үш мың шақырымды артқа тастап, Арқа төсіндегі елордаға еш кедергісіз жетті. Веложорықтың мақсаты - бала күнгі армандарын іске асыру, екі ел арасындағы достықты нығайтуға бағытталған.
 
Қандастар веломарафонды үш жыл бұрын жасаймыз деп ойлаған. Бірақ пандемияға байланысты кейінге қалдыруға тура келді.
Осылай қандастарыммен бірге келіп, тебіреніп, не дерімді білмей тұрмын. Табиғаты болсын, адам осы жердегі қандастарымыз болсын, сондай бір бауырмал, қазаққа тән мейірбандылық бауырмалдылық бар екені осы жерде көзім жетті, - дейді Думан Мәдетханұлы.
Асқар Таудай
Бөлісу: