25 жастағы жазушы Баян Тасқынұлы 20 сәуір күні Чжэцзян өлкесі Жоушан қаласына өткен мемлекеттік V кезекті Санмао (шалқыма) проза фестивалінің жастар номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Kazinform-ның жазуынша, аталған БАҚ-тың дерегінше, биыл 5 қаңтар күні 5-ші кезекті Санмао проза сыйлығына ие болған туындылардың тізімі жарияланды. Алтайлық қандасымыз Баян Тасқынұлы «Қыран жағасында» атты шалқымасымен V кезекті Санмао сыйлығының жеке түрі бойынша, яғни жастар сыйлығына ие болған.
Алтай жас жазушы Баянның шығармашылығында негізгі тақырып болып келеді екен. Өйткені бұл жер оның туған жері ғана емес, оның әдеби жасампаздығының сарқылмас қазынасы. Оның туындыларының тілі қарапайым, шынайы, сүйіспеншілікке толы болып, өзіндік ерекшелікке ие стиілін қалыптастырған.
1999 жылы Шыңжаңның Алтай қаласында дүниеге келген Баян Тасқынұлы Гуанжоу университетінің қытай тіл-әдебиеті мамандығын оқыған. Лушун әдебиет институтының Шыңжаңды мәдениетпен қамту жазушыларын тәрбиелеу курсының курсанты. Ол Гуанжоу қалалық жас жазушылар қоғамының және Шыңжаң жазушылар қоғамының мүшесі.
Жас жазушы 3 жылдан бері Алтайдың көркем көріністерін, адамдарды, жергілікті салт-дәстүрді, өмірдің өзгерісін жазды. Оның Алтай тақырыбындағы желілес шығармалары «Ұлттар әдебиеті жинағы», «Батыс бөлік» және «Шалқымалар жинағының шетелге арналған басылымы» сияқты әдеби журналдарда арт-артынан таныстырылған. Баян Тасқынұлының «Өмір базарынан қиянға көз жіберу» атты жинағы 2023 жылғы автономиялы өлкелік әдебиет және көркем туындыларды дамыту жобасына енгізілген. «Қыран жағасында» 2023 жылғы Қытайдың «Ұлттар әдебиеті» жылдық марапатына ие болса, «Тау қаласындағы естеліктер» V Гуанжоу жастар әдебиеті бойынша сыйлық алған.
Осы жолғы Санмао (шалқыма) проза сыйлығына ие болған «Қыран жағасында» Баян Тасқынұлы университетті бітіріп ауылына қайтып келгеннен кейін жазған деректі шығармасы. Алтай қаласы Ласты ауылы Ноғайты қыстағын негізгі тақырып етіп, өзінің балалық шағынан ержеткенге дейін қыран өзені жағасында ата-әжесімен бірге өмір кешірмелері жазылып, есейіп-ержету барысы арқылы оқырмандарына өзінің табиғат жөніндегі түсінігін бөліскен.
Қыран жағасында» атты шығармам менің 2022-жылы жариялаған «Алтай желілес шалқымалар» атты жинағымнан алынған. Шығармамда Алтайдың байтақ даласын жазумен бірге, өзімнің жан дүниемді де бейнелеуге тырыстым. Осы шығармам арқылы көптеген адамның Алтайды тануына, Алтайды түсінуіне, Алтайға келуіне мүмкіндік жасасам деймін, - деді Баян Тасқынұлы.