Қытайда зымыран тасымалдаушы жарылды

30 Маусым, 21:16 551

Қытайда сынақ барысында зымыран тасымалдаушы жарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға елдің шығысындағы Хэнань провинциясының Гунъя қаласының маңында болған.

CCTV телеарнасының мәліметінше, сынақты Tianbing Technology әуе-ғарыш компаниясы өткізген.

Зымыранның сынақ блогынан ақау шығып, бірінші деңгейлі қозғалтқыш өртенген, салдарынан зымыранның өзі құлаған.

Оқиға тауда болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Билік өкілдері адамдарды алдын ала эвакуациялаған.

Зарина Арман
Бөлісу: