Қытайда ұйғыр ауылдары мен көше атаулары ауыстырылып жатыр

21 Маусым, 18:36 787

Human Rights Watch есебіне сәйкес, Қытай билігі мәдени және діни мағынасы бар ұйғыр ауылдары мен қалаларының атауларын өзгертіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеу барысында Шыңжаңда 630 елді мекеннің атауы өзгергені анықталды.

Uyghur Hjelp ұйымы таратқан құжатқа сәйкес, атаулардан мәдени және діни мағынасы бар сөздерді алынып, олар коммунистік партия идеологиясын айқындайтын атаулармен ауыстырылған. Билік Қытай Халық Республикасы құрылғанға дейін, яғни 1949 жылға дейін болған ұйғыр басшыларының есімдерін де алып тастаған.

Есепте жаңа атаулар түгелдей қытай тілінің мандарин диалектісімен жазылғаны көрсетілген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: