Қытайда тұратын қазақ дзюдошысы Азия чемпионатында топ жарды

27 Сәуір, 21:45 553

Қытайда ұлттық құрамасында белдесетін этникалық қазақ дзюдошы Айман Жеңіснұр дзюдодан Бангкокте өтіп жатқан Азия чемпионатында чемпион болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қандасымыз +78 келіде белдесіп, шешуші белдесуде қытай балуаны Нью Синранды айқын жеңді. 

Қытай дзюдошысы Нью Синран наурыз айында Ташкент Гранд Слэмінде чемпион болып, Айман Жеңіс қола жүлдеге тұрақтаған болатын. 

21 жастағы Айман Жеңіснұр Құлжа қаласында дүниеге келген. Ол аспанастын елінде «Жаңа жұлдыз» атымен кең танымалдылыққа ие.  Сондай-ақ, 2024 жылы Қытай бірінішілігінде үздік атанды. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: