Қытайда Домбыра күні аталып өтті

9 Шілде, 17:39 552

Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі Бейжің ұлттық аспаптар оркестрінің және Қытайдың Ұлттар университетінің студенттерімен және ұстаздарымен бірлесіп Қазақстанның ұлттық мерекесі – Домбыра күнін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жас музыканттар ұстаздармен бірге қытай ұлттық аспаптарының сүйемелдеуімен Асылбек Еңсеповтың «Хафиз» күйін домбырамен орындады.

2015 жылы ресми түрде құрылған Бейжің ұлттық оркестрі – Бейжіңдегі қазақтың ұлттық аспабы «Домбырада» ойнауды кәсіби түрде үйрететін жалғыз оркестр. Бұл оркестр Қытайдағы және шет елдердегі ең үлкен сахналарда өнер көрсететін 500-ден астам музыканттары бар Бейжіңдегі ең ірі муниципалдық мәдени және өнер ұжымдарының бірі.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: