Қытайда әйел ұтыс билетін тауып алып, оны полицияға тапсырған

Бүгiн, 10:35 161

Қытайдың Хэнань провинциясының 63 жастағы тұрғыны Чэнь Имин ғибадатханадан ұтыс лотереясын тауып алып, оның иесін анықтау үшін полицияға жүгінген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Zaobao мәліметінше, әйел ғибадатханада Қытай жаңа жылының басталуына арналған дәстүрлі қойылымды тамашалаған. Ол аяқталып, көпшілік тараған кезде, әйел лотерея билетін тауып алған. Чэнь қағаздың 8 және 9 ақпанда өтетін екі ұтыс ойынына арналған лотерея билеті екенін түсінген.

Ол ұтыс уақытын күткен, себебі ештеңе бұйырмаса, билетті лақтырып тастаймын деп ойлаған. Дегенмен 10 мың юань (690 мың теңгеден астам) ұтыс шыққан. Сондықтан егде жастағы әйел билетті полицияға апарып, оның иесіне табыстауды өтінген.

10 мың юань дегеніміз аз ақша емес. Билеттің иесі мұны жаңалықтардан көріп, өзінің ұтысын алып кетеді деп үміттенемін, - деді ол.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: