«Қытай сайттарында Қазақстан жерін сатып жатыр»

23 Мамыр 2023, 16:21 1248

Facebook бетінде осындай ақпарат таралған болатын.

Ол ақпаратта Қытайдың интернет-тұғырнамаларында Қазақстанның ауылшаруашылық жерлері саудаланып жатқаны жазылған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов өзінің фейсбук парақшасында мұны жоққа шығарды.

Айтуынша шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік үлесі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары ауылшаруашылық жерлерін жекеменшікке немесе жалға ала алмайды екен.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Бұдан бөлек шетелдіктерге жер телімдерін беруге де тыйым салынған.

Тағы бір айта кетерлігі, шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ тұлғалармен некеде тұрған Қазақстан азаматтарына да ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді сатып алуға да, жалға алуға да рұқсат берілмеуі тиіс.

Комитет төрағасы өз парақшасы арқылы Қытай сайттарында Қазақстан жерлері сатылып жатқаны туралы әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратты жалған деп ресми мәлімдеме жасады.

EL.KZ
Бөлісу: