Қытай рұқсат етілген бала санына қатысты шектеуді алып тастады

31 Қаңтар 2023, 14:47 1857

Өткен жылы Қытай халқы 60 жылда алғаш рет азайған

Қытайдың Сычуань провинциясының билігі әр отбасына рұқсат етілген балалар санына қатысты шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қытай билігі бірнеше жылдан бері «бір отбасы, бір бала» саясатынан туындаған жағымсыз демографиялық тенденцияны өзгертуге тырысып келеді.

«Сонымен қатар, некесіз босанған әйелдер оны ресми түрде тіркей алады және ерлі-зайыптылар сияқты барлық жеңілдіктерді ала алады», деп хабарлады провинция үкіметі.

Бұдан былай Сычуань провинциясында кез келген тұрмыс құрмаған әйел, егер ол бала туғысы келсе, медициналық көмекке, мектептегі орынға және ақшалай төлемдерге ие бола алады.

2023 жылдың 23 қаңтарында Қытай үкіметі 2022 жылы Қытайда 9,56 миллион бала дүниеге келіп, 10,41 миллион адам қайтыс болды деген статистиканы жариялады.

EL.KZ
Бөлісу: