Қытай қазақстандықтарды кіргізу талабын жеңілдетті

15 Қараша 2022, 09:44 1257

Бұл туралы Қазақстандағы Қытай елшілігі хабарлады

Қытай Қазақстаннан келген туристерге қойылатын талаптарды өзгертті, деп хабарлайды El.kz

HS Денсаулық кодын (немесе HDC) алу талаптары өзгерді. Елшілік бұл «эпидемияны бақылау мақсатында» жасалғанын айтады.

Енді Қазақстаннан Қытайға баратын жолаушылар ұшуға дейін 48 сағат ішінде Қазақстан аумағында ресми тіркелген зертханада ПТР-сынама тапсыру қажет.

Сонымен қатар ПТР тестінің нәтижесін қоса, қажетті құжаттарды жүктеу және жіберу арқылы денсаулық кодына өтініш беру керек.

Дипмиссия өтінімді өңдегеннен кейін Қытайдың Қазақстандағы елшілігі немесе бас консулдығы «денсаулықтың жасыл кодын» уақытылы беретінін нақтылайды.

Нәтижесінде барлығы үш құжат қажет: ұшуға дейін 48 сағат ішінде теріс ПТР сынағы, паспорттың басты беті және бағыты көрсетілген авиабилеттер.

Айта кетсек, 28 маусымнан бастап басқа талаптар қолданылды.

EL.KZ
Бөлісу: