Қытай мен Моңғолиядан қоныс аударған қандастар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Кеше, 17:25 216

2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қытайдан Қазақстанға 1451 адам, Моңғолиядан 1088 адам келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

DataHub телеграм арнасының мәліметінше, бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен үш есе артық, өсім тиісінше 177% және 172%-ды құрайды.

Қытайдан келген иммигранттар саны 2017 жылдан бері ең жоғары көрсеткішке жетіп отыр. Дегенмен 2020 жылы Қазақстанға қоныс аударғандар саны небәрі 9 адамға кем болған.  Ал Моңғолияға қатысты жағдай бөлек, мұндай жоғары нәтиже 2011 жылдан бері тіркелмеген.

Қытай мен Моңғолиядан келгендердің басым бөлігі этникалық қазақтар – тиісінше 98% және 99%.

ҚХР-дан келген қандастардың жартысы Астана мен Алматыға тұрақтаған. Сонымен қатар келушілер Алматы облысын таңдаған. Моңғолиядан оралған қандастар негізінен Ақмола облысына қоныстанған – 33%, одан кейінгі орындарда Астана (23%) мен Алматы (13%) тұр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: