Қытай Boeing ұшақтарын сатып алуға тыйым салды

Кеше, 16:25 290

Қытай өз авиакомпанияларына Boeing ұшақтарын сатып алуға тыйым салды. Бұл туралы Bloomberg-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сонымен қатар, Boeing корпорациясынан қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды сатып алуды тоқтату туралы шешім қабылданды.

Бұл АҚШ енгізген жаңа тарифтерге жауап ретінде қабылданған шаралардың бір бөлігі екені айтылды. Агенттік дереккөздерінің хабарлауынша, бұл баж салығы американдық ұшақтар мен бөлшектердің бағасын екі есе қымбаттатып жіберер еді. Сондықтан қытайлық авиакомпаниялар үшін Boeing өнімдерін сатып алу «тиімсіз» болып отыр, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: