Қытай Халық Республикасы алғаш рет Айдың арғы бетінде жиналған топырақ үлгілерін көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Чанъэ-6" ғарыш аппаратының сәтті қонуы Қытайды Айдың арғы бетіне аппарат қондырып, одан топырақ үлгілерін Жерге жеткізген әлемдегі алғашқы ел атандырды. Ғарыш миссиясы Айдың Оңтүстік полюс — Эйткен бассейнінде жүзеге асырылған болатын.
Осы аптада Қытайда Ұлттық ғарыш күні атап өтілуде. Мерекелік іс-шара аясында Shanghai World Expo Center көрме орталығында Ай топырағының ерекше үлгілері алғаш рет жұртшылыққа ұсынылды.
Сондай-ақ көрмеде 2020 жылдың желтоқсан айында өткен "Чанъэ-5" миссиясы барысында жиналған Ай топырағының үлгілері де көрсетілуде.