Қыстың алғашқы күндері ауа райы қандай болады

29 Қараша 2023, 13:05 8490

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы күндері республиканың ауа райына циклондар мен антициклондардың барикалық түзілімдерінің тез өзгеруі әсер етеді. Қазақстанның барлық дерлік аймағында, солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс облыстарда қатты жауын-шашын болады деп болжануда. Тек оңтүстік-батыста, 1-2 желтоқсанда елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, боран болып, жел күшейеді деп күтілуде. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: