«Қыста сырт киімсіз аулада ұстаған»: Павлодарда қарт адамдарды азаптау фактісі анықталды

Бүгiн, 12:34 316

Павлодарда прокурорлар қарт адамдарды азаптау фактілерін анықтады. Жергілікті пансионаттардың бірінде түсірілген бейнежазбаларды зерттей келе жантүршігерлік фактілер ашылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Ақсу қаласының прокуратурасы қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде қарттарға қатыгездік көрсету фактілерін анықтаған.

Мекемеде түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында жантүршігерлік фактілер ашылды: пансионат қызметкерлері тұрақты екі дәрменсіз қарияны ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен. Жәбірленушілердің бірі - 84 жаста. Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған, - делінген хабарламада.

Осы факт бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта барлық кінәлі адам анықталды. Прокуратура өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейтінін айтты. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: