Қысқы Азия ойындарында Ұлттық құрама спортшылары бүгін қай уақытта сынға түседі

Бүгiн, 04:31 129

Бүгін, 9 ақпан күні Қытайда өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында бірқатар қысқы спорт түрлерінен маңызды жарыстар өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спорт сүйер қауым ски-альпинизм, шаңғы жарысы, конькимен жүгіру және шайбалы хоккейден өтетін жарыстарды тамашалай алады.

Ски-альпинизм сайыстары 07:30-да ерлер арасындағы жарыспен басталады. Ал 08:10-да әйелдер мен ерлердің финалдық бәсекелері өтеді. Шаңғы жарысында 5 шақырым қашықтыққа жүгіру бойынша әйелдер арасындағы финал 08:00-де басталады.

Конькимен жүгіру сайыстары да көрермендер үшін қызықты өтпек. 500 метрлік жарыста әйелдер арасындағы финал 09:00-де өтсе, 5000 метрлік жарыста ерлер финалы 09:56-ға жоспарланған. Сонымен қатар, командалық спринт бойынша әйелдер арасындағы финал 11:56-да өтеді.

Күні бойы өтетін жарыстардың ең қызықтысы шайбалы хоккей болмақ. Қазақстан әйелдер құрамасы Кореямен кездесіп, маңызды ойын өткізеді. Бұл матч 12:30-да басталады.

Керлинг (әйелдер құрамы)

Шорт-трек жарыстары

Тау шаңғысы (Ерлер, слалом)

07:00 – Финалдық сайыс

Фристайл-акробатика

Барлық жарыстардың уақыты Астана уақытымен басталады. Жанкүйерлер сайыстарды "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көруіне мүмкіндік қарастырылған. 

Асқар Таудай
Бөлісу: